Елде мүгедектігі бар адамдар үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова мүгедектігі бар адамдар үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) өңірлер тұрғысында нысандардың қолжетімділігі картасы жұмыс істейді. Мұнда ел бойынша 35 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімделуі туралы мәліметтер қамтылған.

Дүйсенова көрсетілген нысандардың қолжетімділігі 3 санатқа бөлінгенін айтты. Атап айтқанда, қолжетімді, ішінара қолжетімді, қолжетімді емес.

Қолжетімділік мүгедектігі бар адамдардың 4 санатына қатысты қарастырылуда: адам ағзасы функцияларының бұзылу сипаты, есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар және тек кресло-арбалармен жүріп-тұру мүмкіндігі жөнінде. 2025 жылға дейінгі кезеңде 22 мың нысан ең басым болып белгіленді, бұл бірінші кезекте мемлекеттік мекемелер, ХҚКО, емханалар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандары сияқты мүгедектігі бар адамдар жиі баратын нысандар, - деп түсіндірді Дүйсенова.

Интерактивті қолжетімділік картасында жергілікті атқарушы органдар онлайн режимде мүгедектігі бар адамдар және мүмкіндігі шектеулі басқа да азаматтар үшін нысандардың жағдайын өзектендіруді жүзеге асырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы