Елде мопед апатынан 10 жасөспірім қайтыс болды
Елімізде жыл басынан бері мопедтің қатысы бар 154 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 10 жасөспірім көз жұмса, 180-і жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты. Апаттың жиілеуіне мопед санының артуы, жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауы себеп болып отыр.
Министрлік өкілі ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Теміртауда әйел адам қоқыстың кесірінен өртеніп кете жаздады
Өзгелердің жаңалығы