Елде маймыл шешегіне қарсы эксперименттік дәрі зерттеліп жатыр - ДСМ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі таңда бізде маймыл шешегін анықтауға арналған 1300 тест бар. Ол спецификалық диагностика болып саналады. Маймыл шешегіне күдік туған кезде дәл осы вирусты спецификалық тұрғыда тексеру мен нәтижелерін алуға мүмкіндігіміз бар, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, ДДСҰ аталған індетке қарсы симптоматикалық емдеу енгізуді ұсынып отыр. 

Ғалымдар мен аталған инфекция таралатын елдер оның симптомдарын: лимфотүйіндерге әсер ететін улану мен бөртпелердің таралуымен сипаттап отыр. Симптоматикалық емдеу жүргізіледі. Кейбір мемлекеттер вирусқа қарсы эксперименттік препаратты зерттеп жатыр. Біз де оны зерттеу үстіндеміз. Бізге оның клиникалық сынақтан өткені өте маңызды. Сынақ сәтті аяқталған жағдайда біз де оны ұсынып, маймыл шешегін емдеу хаттамасына қосатын боламыз. Елімізде ұқсас симптомдары бар пациенттерді бақылауда ұстап отырмыз. Тесттерді әлі қолданған жоқпыз, өйткені республикамызда аталған инфекцияға күдік тудырған жағдай тіркелген жоқ, - деді Ажар Ғиният.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы