Елде маймыл шешегін жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда елімізде маймылдардың шешек ауруына күдікті бірде-бір жағдай тіркелмегенін хабарлайды. 

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылау жүзеге асырылады. Мемлекеттік шекарада аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты қашықтықтан термометрия арқылы анықтау (әкелудің алдын алу) бойынша іс - шаралар жүргізілуде, - деп атап өтті  Бас санитарлық дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова. 

Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру, қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталады (қызару). 

Инкубациялық кезең - 5-тен 21 күнге дейін созылады. Адамдарда клиника жоғары қызба, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуымен сипатталады. 

Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, өздігінен емделуге бейім. 

Маймыл шешек ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер). 

Инфекция жұқтырған адамның қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен, сондай-ақ ауру жануардың етін қолдану арқылы да пайда болуы мүмкін. 

Маймыл шешегі бүгінде Батыс Африка елдерінде кең таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан). Африкада жағдайлардың саны тез өсуде, 2016 жылдан бастап, ресми ақпарат көздеріне сәйкес, ауру 20 есе өсті. Ең үлкен індеттер Нигерия мен Конгода тіркелді. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 20 мамырда ДДҰ Конгода жыл басынан бері маймылдың 1,2 мың жағдайы тіркелгенін хабарлады. 

ДДҰ-ның алдын ала мәліметтері бойынша, Африка құрлығынан тыс әлемнің 14 елінде (Испания, Португалия, Ұлыбритания, Бельгия, Канада , Германия, Италия, Австралия, Нидерланды, АҚШ , Израиль, Франция, Швейцария , Швеция) 110 жағдай тіркелген. 

Бас санитарлық дәрігері жазғы демалыс және демалыс маусымының басталуына байланысты шет елдерге шығатындар үшін келесі ұсыныстар береді: 

1) маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) барудан аулақ болыңыз (әсіресе балалармен);

2) шет елдерге шыққан жағдайда жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланысты болдырмау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішуден аулақ болу, тамаққа тек термикалық өңделген етті (азық-түлікті) мұқият пайдалану; 

3) адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (қашықтық, маскалар, антисептиктер) шараларын пайдаланыңыз. қол гигиенасын сақтаңыз. 

4) Егер сапарлардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, қызба, бөртпе (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз – шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық ұйымға дереу жүгініңіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: МВК telegram.org
Өзгелердің жаңалығы