Елде мал азығы қажеттіліктен 2 есе аз өндіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев биыл құрғақшылыққа дайын болмағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

...Өкінішке қарай, біз биыл құрғақшылыққа дайын болмағанымызды көріп отырмыз, – деді Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, құрғақшылықтың салдарын жою үшін кешенді шара  қабылдау қажет. Министрдің міндетін атқарушы ғалымдардың зерттеуін алға тартып, елімізде жыл сайын мал азығы зоотехникалық қажеттілік нормасынан 2 есе аз өндірілетінін айтты.

Белгілі болғандай, жем-шөптің шамамен 70%-ы табиғи шабындықтан немесе  шабындық деп аталатын жайылымнан жиналады. Мұндай шөптің өнімділігі ауа райына тәуелді болады. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы