Елде КВИ-ден көз жұмғандарды жерлеу рәсімі қалай өткізіліп жүр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров жауап берді.

Оның айтуынша, коронавирустан қайтыс болған жандарды жерлеу тәртібіне қатысты елдің Бас санитар дәрігерінің нұсқаулығы бар.

Былтыр елде төтенше жағдай жарияланған кезде ол нұсқаулық өте қатаң сақталды. Марқұмдарды арнай қызметкерлер жерлегенін білесіздер. Бас санитар дәрігер мұндай диагнозбен көз жұмғандарды арнайы орында емес, жалпы зираттарды жерлеуге рұқсат бергеннен бастап сол тәртіп қолданылып келеді. Алайда коронавирустен қайтыс болған марқұмдардың жаназалары үйлерінде, аулаларда емес, тек қана зират басында шығарылып жүр. Және рәсімге тек ең жақын бірнеше адамның қатысуымен өтеді. Әзірге осы тәртіпте атқарыла береді, - деді ол.

Сонымен қатар ол туыстары аталмыш індеттен қайтыс болған жандардың туыстарын осы тәртіпті ұстануға шақырды.

Бұған дейін карантин жағдайында оразаға қойылар талаптары туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы