Елде көмір қымбаттап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы маусымда көмір 0,1%-ға, ал бір жылда шамамен 4%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды energyprom.kz.
Биыл қаңтар-маусымда көмір өндіру құндық мәнде 162,3 млрд теңгеден 171,6 млрд теңгеге өскен. Алайда саладағы өндіріс нақты мәнде 3,9%-ға төмендеген. 2020 жылы көмір өндіру көлемі құндық мәнде 336 млрд теңге болса, нақты мәнде өндіріс 3,3%-ға төмендеген.
Алайда көмір өндіру көптеген позиция бойынша қысқарған. Мысалы, өсім тек тас көмір сегментінде байқалған: 21,9%, 6,8 млн тонна. Кокстелетін тас көмірді өндіру 17,9%-ға немесе 4,4 млн тоннаға дейін азайған. Жалпы тас көмірді өндіру бір жылда 0,7%-ға немесе 50,1 млн тоннаға дейін азайған.
Сонымен қатар лигнитті (сапасы төмен қоңыр тас көмір) өндіру 7,5%-ға немесе 2 млн тоннаға дейін азайған.
Көмір өндіру қысқарып жатқанына қарамастан оның бағасы өсіп жатыр. 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша тұтынушылар үшін тас көмір бір айда 0,1%-ға, ал бір жылда 3,8%-ға қымбаттаған (өткен жылы өсім – 3,2%).
«Хабар24» мәліметінше, премьер-министр Асқар Мамин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне әкімдіктермен бірлесіп, көмір бағасын ерекше бақылауға алуды және оның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдауды тапсырған.

Сондай-ақ Қазақстанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды. Ол тұрмыстық көмірді сату кезінде делдалдардың санын азайтып, тұрғындар үшін көмірдің бағасын төмендетуі керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Наурызымда қорықшылар туралы фильм түсірілмек
Өзгелердің жаңалығы