Елде көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Елімізде көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Терезені қараңғылау туралы мәселе бұған дейін талай айтылды. Қазір жауапты министрлік мәселені зерттеуге кіріскен.

Кеден одағында көліктің әйнектері қаншалықты деңгейде қараңғы болу керек екендігі жазылған регламенттері бар. Бұл жол қозғалысы бұзылған кезде жүргізушілерді, жолаушыларды анықтаудың белгілі бір қиындықтарымен байланысты болды. Қазір енді құқық бұзушылықтарды тіркеудің жаңа техникалық құралдары пайда болды. Сондықтан да осы мәселені қайтадан қарауға алып жатырмыз, - деді ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы