Елде карантиндік шаралар жеңілдетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады.
1. Биыл 28 тамыздан бастап рұқсат беріледі:
️«ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары - «ASHYQ» қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің ️«жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;
сенбі күні - қоғамдық көлік қызметіне.
2. Биылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:
️«ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ️«ASHYQ» жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.
Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-министрдің орынбасары тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:
️медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
️педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында ️«ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
️білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
ВАК отырысында Премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.