Елде IB авторизациясы бар 13 мектеп жұмыс істеп жатыр
Астана мен Алматыда IB кеңсесінің, NNEF қоғамдық қорының және «Мирас» мектептерінің ұйымдастыруымен елімізде алғашқы Халықаралық бакалавриат (IB) күндері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Халықаралық бакалавриат жастарды қазіргі қарқынды дамып жатқан заманға лайық өмір сүруге дайындау ісінде басты рөл атқаратыны ақиқат. IB бағдарламалары сыни ойлауға, тәуелсіз болуға және өмір бойы оқуға деген ұмтылысты дамытады, бұл қазақстандық мектеп түлектерінің халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда IB авторизациясы бар 13 мектеп жұмыс істеп жатыр. Бұл бағдарламаларға қызығушылық күн сайын артып келеді және еліміздегі көптеген мектептер өз бағдарламаларына IB философиясын енгізу үстінде.
Власянц Ирина Рамильевна, Алматы қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебінің директоры
IВ - мұғалімдердің кәсіптік деңгейінің өсуіне ықпал ететін халықаралық білім беру бағдарламасы. IB күндері педагогтерді тәжірибе алмасуға біріктіріп отыр. Алматы қаласының Білім басқармасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқымыз келеді: мұндағы бес мектеп IB жүйесін енгізіп үлгерді. IB ұлттық білім беруді алмастырмайды, ол оны толықтырады. Конференция жұмысы оқу тәжірибесін жетілдіруге бағытталған. Мұғалімдерге даму бағдарламалары қол жетімді. IВ мектептерін авторландыру үдерісі екі жылға созылады және біз бұл жұмысқа көмектесетін боламыз, – деді Халықаралық бакалавриат ұйымының Еуропа, Африка, Таяу Шығыс елдерінде IВ бағдарламаларын дамыту және тану жөніндегі аға менеджері Ведрана Павлетич.
Қазақстандағы IB білім берудің эволюциясы 2000 жылы басталды. Негізгі, мектеп бағдарламасы бойынша (IB MYP, 5-10 сыныптар) авторландырылған алғашқы мектеп Алматы халықаралық мектебі (АХМ) болды. Бұл елдегі сапалы білім берудің жаңа перспективаларын ашты.
АХМ директорының бағдарламаларды дамыту жөніндегі орынбасары Динара Рысмағамбетова бағдарламаның бірегейлігін және оның оқушылар үшін артықшылықтарын атап өтті.
IB бағдарламалары білім мен дағдылар арасындағы шекараның біріктіріліп, студент өзінің нақты өмірінде қолдана алатын құзыреттерді қамтамасыз ететін білімді тыңғылықты игеру жолдарын көрсетеді. Біздің мектепте оқушыларға тек партада ғана емес, сонымен қатар мұражайлар мен тарихи орындарға, соның ішінде шетелге бару арқылы оқуға мүмкіндік беретін «Шекарасыз мектеп» бағдарламасы бар. Бұл студенттерге білімді нақты өмірде қолдануға және іс-шараларға қатысу арқылы дамуға ықпал етеді. Мысалы, биыл біздің 10-сынып оқушыларымыз «Теңіз» форумын ұйымдастырды, - деді ол.
Ал 2002 жылы Алматының «Мирас» мектебі IB DP бағдарламасы бойынша авторизацияланған алғашқы мектеп болды. Астанадағы «Мирас» балабақша мен бастауыш мектеп үшін IB PYP авторизациясын 2007 жылы, екі мектеп те негізгі мектеп бағдарламаларына авторизацияны 2004 жылы алды. Алматыдағы «Мирас» және АХМ сәйкесінше 2008 және 2013 жылдары бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша авторландырылды. IB бағдарламаларын толық енгізу 2013 жылы аяқталды.
Бүгінгі конференцияның мақсаты туралы және осы саладағы Мирас мектебінің 25 жылдық тәжірибесі туралы Мирас мектебінің директоры Ирина Рамильевна Власянц өз ойын бөлісті.
Аталған конференцияның мақсаты - IB туралы білімді насихаттау, өзге де білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу және Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарын енгізу. Балалар үшін бұл деген - баға жетпес тәжірибе, өйткені бағдарлама өте жақсы сабақтастыққа жол ашады. Мұның барлық стандарттарға негізделген философиялық өзегі балаларды барынша жан-жақты және әр түрлі тәсілдермен оқытып, дайындауға мүмкіндік береді. Оларды әлемнің барлық университеттері қуана қабылдайды, сонымен қатар тіпті грантпен оқуға шақырады. Себебі мұнда олардың тек оқу нәтижелері ғана емес, сонымен қатар балалардың әртүрлі тілдерде қалай бейімделуі, әлеуметтенуі, байланысқа түсуі және т.б. қасиеттері бағағаланады», - деді Ирина Рамильевна, - «Мирас» мектебі осы бағдарлама бойынша 200-ге жуық студент оқытып шығарды, түлектер IВ дипломдық бағдарламасында үнемі жоғары ұпай жинайды, Гарвард, Кембридж, LSE, UCL, Berkeley сияқты және өзге де әлемдік жетекші университеттерге сәттілікпен түсіп жатады. Оқудан кейін олар мұнай-газ саласынан бастап, медиа саласына дейінгі әртүрлі салаларда жоғары жетістіктерге жететіні ақиқат, – деді ол.
25 жыл ішінде NNEF қорының мектептерін 1438 түлек бітіріп шықты. Оның ішінде 69 оқушы «Алтын белгіге», 101 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. Сонымен қатар 926 оқушы MYP сертификаттарын, ал 227 оқушы IB дипломдарын алды.
Бұл конференция өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және әріптестікті нығайтуға зор мүмкіндік береді. ҚР Білім министрлігі мен Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары білім беруде инновацияларды енгізуді қолдап отыр.