Елде халық саны қанша болды

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 20 014 575 адам болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.

2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді – 2,40% .

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы