Елде екі мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен

Жоғалып, табылмай кеткендер де бар. Бас прокуратураның есебінде 2 мыңға жуық адамнан әлі күнге хабар жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұлардың алды 20-30 жыл бұрын жоғалған. Мәліметке қарағанда, тізімдегілердің көбі 30 бен 49 жас аралығындағы ер адамдар. Хабар-ошарсыз кеткендер Алматы қаласы мен Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарында көп тіркелген. Із кесу деректері бойынша біразы уақытша жұмыс іздеп кеткен. Сосын құмар ойынға салынып қарызға кірген, маскүнемдікке салынған жайттар бар. Құқық қорғау органдарынан қашып жүргендер де кездеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы