Елде бір апта ішінде 3265 қылмыс жасалған – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді.  

Бір апта ішінде  3 265 қылмыс жасалды. Оның 2 053-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, 9 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 39 тонау және 475 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ведомство өкілі Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде. 

Сондай-ақ ол жаңадан құрылған облыстарға полиция департаментінің басшылары тағайындалғанын атап өтті. 

Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрлігі жаңадан құрылған облыстар мен Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің басшыларын тағайындады. Бұған дейін Қызылорда облысының бас полицейі болған  Бектөре Сұлтан Абай облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Оны жеке құрамға ІІМ орынбасары Ержан Сәденов таныстырды. Жетісу облыстық полиция департаментін енді Атығай Арыстанов, ал Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы қызметін Арыстанғали Заппаров атқарады, - деді Ақтоты Боранова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы