Елде белсенді волонтерлер қатары 4 есеге көбейген

Елімізде белсенді волонтерлер қатары төрт есеге көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, еліміздегі волонтерлік қозғалыс – жалпыхалықтық қолдауға ие болған ауқымды жобаға айналған.

Елімізде волонтерлік қызметке қатысып жүрген азаматтар мен ұйымдардың қатары артып, бағдарламалар мен жобалар ауқымы айтарлықтай кеңейе түсті. Соңғы үш жылдың өзінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артып, белсенді волонтерлер қатары 4 есеге көбейді. Олардың 65%-ы 29 бен 54 жас аралығындағы азаматтар, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол республикада заңнамалық деңгейде волонтерлерді қолдау шаралары енгізілді деп отыр.

Оның аясында, оқуға тапсыру мен жұмысқа орналасу кезінде жеңілдіктер қарастыру, волонтерлік ұйымдарға мемлекеттік мүлікті ақысыз негізде жалға беру қарастырылған. Волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында волонтерлердің республикалық және 20 өңірлік фронт-офистері өз жұмысын жалғастыруда. Олар жыл сайын 113 мыңнан астам волонтердің қатысуымен 6 мыңнан астам іс-шара өткізіліп жатыр, - деді Данияр Қадыров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы