Елде автонесиелеуден басқа да қажеттіліктер бар - ИИДМ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында 4%-дық автонесие бағдарламасының тоқтатылуы төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылғы мамырдан бастап РОП қаражаты аясында 100 млрд теңге қаражат несиелендіруге бөлінгені белгілі.

Қазіргі таңда ол ақша толығымен игерілді. Орташа несиенің құны 7 млн (теңге — ред.) шамасында болды. Биыл жыл басынан бастап бағдарламаны дамыту жұмыстарын бастадық. Әртүрлі нұсқаларды зерделедік. Сонымен қатар жиналған револьверлік түрде жиналған ақшаны электрондық портал арқылы өткіздік. 761 арыз түсті, оның 650-дейі атқарылды. Қалғандары банк шарттарына сәйкес келмеді, - деп түсіндірді вице-министр.

Айтуынша, елде автонесиелендіруден басқа да қажеттіліктер туындаған.

Техника, ауыл шаруашылығы техникасы саласында үлкен сұраныс бар. Сонымен қатар өңірлерге барғанда көтерілген маңызды мәселелер көтеріледі. Статистикаға сәйкес, 10525 автобус бар. Олардың 46%-ы тозған. Автобустардың жартысы қолданысқа сай емес дегенді білдіреді. Сондықтан РОП-тың шеңберіндегі қаражатты бағыттау нұсқасының бірі — осы автобустарға түсіп отыр. Біз оған дайындық жұмысын жүргіздік. Әкімдіктермен жұмыс атқардық. Қазіргі таңда бүкіл республика бойынша қажеттілік 10 мың автобус болса, қазір әкімдіктерден 2 мың автобус сатып алуға дайынбыз деген өтініш түсті, - дейді Ілияс Омаров.

Ал статистикаға сүйенсек, күніне 9,2 млн халық автобуспен жүреді деп отыр.

Жылына 9 млрд адамның автобусты қолдануына жетеді. Сол үшін ол қазір басымдықта. Елімізде 6-7 автобус өндірушісі бар. Әртүрлі деңгейде автобус өндіреді, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы