Елде АӨК саласындағы трансұлттық компаниялардың қатысуымен 7 жоба жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешен саласына трансұлттық компанияларды тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Аауыл шаруашылығы министрлігі "Kazakh Invest" ҰК» АҚ-мен бірлесіп, шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны $3,8 млрд-ты құрайтын 55 жобаға қолдау көрсетуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте жаһандық, трансұлттық компаниялар қатысып жатқан жеті жобаның іске асырылу барысы талқыланды.

Аталған жобалар арасында "INOKS Capital" швейцариялық компаниясымен Алматы облысында жеміс-жидек өңдеу зауытын құру және жеміс-жидек өңдеу зауытын салу; $160 млн инвестициясы бар "PepsiCo" компаниясымен Алматы облысында тұзды тағамдар өндіру зауытын салу; QazBioPharm холдингі мен француздық Boehringer Ingelheim Animal Health компаниясы арасындағы ынтымақтастықта Жамбыл облысында аусылға қарсы вакцина өндіру; Шымкент қаласындағы "Coca-Cola Almaty Bottlers" БК ЖШС алкогольсіз сусындар өндірісі; Ерейментау ауданының аумағында құны $132 млн болатын испандық BigFarm консорциумының қатысуымен Ақмола облысында интеграцияланған мал шаруашылығы кешенінің құрылысы; Алматы облысында CITIC Construction компаниясының астықты терең өңдеу зауытын салу; және Алматы облысында «Маревен Фуд» компаниясының алкогольсіз сусындар өндірісі бар.

Кеңесте мемлекеттік органдар тарапынан көмек көрсетуді қажет ететін мәселелер қаралды. Вице-премьер ауыл шаруашылығы министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен және сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жобаларды іске асыруды қолдау және АӨК саласына басқа да трансұлттық компанияларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы