Елде әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Жаңартылған тізімге кіретін науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады.

Жаңа тізімге мыналар кіреді:

  • Туберкулез;
  • ВИЧ-инфекция;
  • Созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы;
  • Қатерлі ісіктер;
  • Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
  • Алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі;
  • Жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары;
  • Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы;
  • Сирек кездесетін аурулар;
  • Эпилепсия;
  • Инсульт (1 жылға дейін).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pexels.com
Өзгелердің жаңалығы