Елде АЭС салу үшін референдум өткізіле ме?
Елімізде атом-энергетика станциясын салу бойынша референдум өтпейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Сенаттың кулуарында мәлімдеді.
Бұл мәселеге (АЭС салу – ред.) референдумға шығарылмайды. Бірінші мәселе алаңның қайда орналасатындығында болып отыр. Екінші мәселе, бұл ең бастысы – технология мен қаржылық-экономикалық үлгі, - деп атап өтті вице-министр.
Айтуынша, құрылыстың мерзімі, сондай-ақ болашақ станцияның ресми орналасатын жері әлі күнге анықталмаған. Соған қарамастан, Қазақстан шетел мемлекеттерінен әлеуетті мердігерлерден ұсыныстар түсіп жатқаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін АЭС салу үшін аймақты таңдау жалпыхалықтық талқылауға түсетіні айтылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы