Елде 600 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болды
Жыл сайын «жатыр мойны обыры» диагнозы 1800 қазақстандық әйелге қойылады, жыл сайын 600 қазақстандық осы аурудан қайтыс болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, «ҚазҒЗИ онкология және радиология» АҚ Басқарма төрағасы Диляра Қайдарова мәлімдеді.
Жыл сайын «жатыр мойны обыры» диагнозы 1800 қазақстандық әйелге қойылады, жыл сайын 600 қазақстандық осы аурудан қайтыс болады. Көрсеткіш жыл сайын төмендеп келе жатқанын көруге болады. Мәселен, 2020 жылы әлемде 1,3 млн-нан астам әйелге гинекологиялық қатерлі ісік диагнозы қойылды. Олардың шамамен 44%-ы – жатыр мойны обыры, 29%-ы – эндометриялық қатерлі ісік, 23%-ы – аналық без қатерлі ісігі және 5%-ға жуығы – басқа гинекологиялық қатерлі ісік екені анықталды. 2020 жылы бүкіл әлемде 420 000 әйел гинекологиялық қатерлі ісіктен қайтыс болды, – дейді Диляра Қайдарова.
Сонымен қатар ол гинекологиялық обырдың алдын алудың жолын айтты.
Тұрақты скрининг пен тексерулер, сондай-ақ салауатты өмір салтын таңдау қатерлі ісіктен қорғайды. Ісік ауыруын HPV қарсы вакциналау арқылы жеңуге болады. Айта кетейік, HPV вакциналары бүкіл әлемде шамамен 15 жыл бойы қолданылып келеді. Сол себептен уайымдаудың қажеті жоқ. Әлемнің 42 елінде қыздарды да, ұлдарды да вакциналаумен гендерлік бейтарап тәсіл енгізілді, – деді басқарма төрағасы.