Елде 27 жылда «шыны түтіктен» 30 мыңға жуық бала дүниеге келген

Бұл туралы еліміздің бас репродуктологы Вячеслав Локшин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, 27 жылдан бері елде ЕКҰ арқылы 30 мыңға жуық бала дүние есігін ашқан. 

1995 жылы Қазақстанда Алматы қалалық адам репродукциясы орталығында алғашқы эсктракорпоралды ұрықтандыру зертханасы ашылды. Арада бір жыл өткен соң in vitro әдісімен ұрықтандырылған алғашқы нәресте дүниеге келді. Қазір елімізде 31 ЭКҰ орталығы бар, оның 28-і – жекеменшік орталықтар. Бүгінге дейін ел аумағында «шыны түтіктегі» 29 200 бала өмірге келді. 2021 жылы 1400 КРТ бағдарламасы орындалды, оның 7000-ы МӘМС аясында «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы іске асырылды, - деп атап өтті дәрігер елордада өтіп жатқан «Бедеулікті емдеудің заманауи жолдары» атты қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының XIV халықаралық конгресінен соң берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол әйелдердің де, ерлердің де бедеулігін емдеуге бағытталған озық репродуктивті технологиялар толығымен қолданысқа енгенін атап өтті.

Эмбриондар мен ооциттердің криоконсервациясы, донорлық жыныстық жасушалар, суррогат ана бағдарламалары сәтті түрде іске асып келеді. КРТ ерлер бедеулігінің өте ауыр формаларын емдеуде аса тиімді тәсіл ретінде кең қолданысқа ие болды. 2007 жылдан бастап эмбриондарды жатыр қуысы орналастырғанға дейінгі тұқым қуалайтын аурулардың алдын ала имплантациялық диагностикасы жүзеге асырыла бастады. 2016 жылдан бастап aCGH (эмбрионның 46 хромосына имплантацияға дейінгі заманауи скрининг) әдісін қолдану басталды. Қазір әрбір оныншы бағдарлама aCGH генетикалық диагностикасы арқылы өткізіледі, - деді бас репродуктолог. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы