Елде 2030 жылға дейін 35 аурухана бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобалар департаменті директорының міндетін атқарушы Әмина Жемакишева мәлімдеді. 

Айта кетер жайт, бұған дейін денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту қажеттілігін анықтау мақсатында министрлік өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын өзектендірді. Онда Денсаулық сақтау объектілерінің ағымдағы жай-күйіне кешенді талдау жүргізілді, сондай-ақ құрылыс пен күрделі жөндеу қажеттілігі айқындалды. Ескірген инфрақұрылым және әсіресе ауылдық деңгейдегі медициналық-санитарлық алғашқы көмекке қолжетімділік мәселелерін Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік жоспарларын іске асыру аясында кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр, - деп атап өтті департамент басшысы. 

Мәлімдеуінше, аталған жобада аурухана салу қарастырылған. 

2030 жылға дейін Өңірлік даму жоспарлары аясында 972 МСАК нысанын, аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде 35 жаңа аурухана салу және ашу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 1 033 аурухана мен емхананы күрделі жөндеу жоспарланған, - деді Әмина Жемакишева. 

Салынған нысандар барлық өңірдегі халыққа жоғары технологиялық, білікті, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп отыр.

Бұдан басқа, әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 20 Денсаулық сақтау объектісін және 2 ғылыми-инновациялық орталықты салу және жаңғырту көзделген, - деді ДСМ өкілі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы