Елде 2,6 млн кедей адам бар. Сондықтан зейнетақы мен жалақыны екі есеге көбейту керек – депутат
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Смайлов Премьер-министр Асқар Маминге жолдаған сауалында ең төменгі зейнетақы мен жалақы, сондай-ақ жәрдемақы мен шәкіртақы мөлшерін екі есеге ұлғайтуды ұсынды.
Ол COVID-19 әлемдік пандемиясы және оған байланысты қойылған шектеулер Қазақстан экономикасындағы дағдарыс құбылыстарын күшейткенін айтты.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2019 жылға қарай 1,4%-ға ұлғайып, 2020 жылы 5,7%-ды құрады. Неғұрлым аз қамтамасыз етілген қазақстандықтардың 10%-ы мен әлдеқайда қамтамасыз етілген тұрғындардың 10%-ы арасындағы азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығыстар деңгейіндегі айырмашылық 4,9 есені, азық-түлік емес тауарларына – 6,6 есені, ал ақылы қызметтерге 5,6 есені құрайды, - деді Ерлан Смайылов.
Ол осы ретте Дүниежүзілік банктің мәліметтерін келтірді. 2020 жылы елдегі жалпы кедейлік деңгейі 14 пайызды құрап, 1,5 миллион адамға артқан деп отыр. Жалпы елде 2,6 миллион адам кедей екен.
Шән мәнінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Мәселе «ең төменгі жалақы» (42 500 теңге) мен «ең төменгі күнкөріс деңгейінің» (34 302 теңге) мөлшерінде болып отыр. Сонымен қатар зейнетақының «ең төменгі мөлшері» – 43 272 теңге және азық-түліктің 43 атауын қамтитын «тұтыну қоржыны» аз. Бұл ғылыми негізделген тамақтану нормативтерін сай келмейді. Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 2020 жылы 204 300 теңгені, орташа жалақы – 142 300 теңгені құрады. Ал шындығында қызметкерлердің көпшілігі 60 мыңнан 140 мың теңгеге дейін жалақы алады, - дейді депутат.
Қазақстан халық партиясы фракциясының депутаттары мынандай ұсыныс жасап отыр:
Басымдық ретінде биылғы жылдың 4 тоқсанына қарай 2022-2023 жылдардағы орташа жалақы мөлшерін біртіндеп ұлғайта отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін 100 пайызға, яғни 85000 теңгеге жеткізу;
1 маусымға тұтыну себетінің көлемін 43 тауардан 86-ға дейін, сондай-ақ қызмет түрлерін көбейту. 2022 жылы ұлғайтуды одан әрі жалғастыру;
Осы жылдың 4 тоқсанына дейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 2022-2023 жылдары кезең-кезеңімен медианалық жалақы мөлшеріне дейін 100%-ға ұлғайту;
Биылғы жылдың 4 тоқсанына дейін тиісінше жәрдемақылар мен төлемдер, оның ішінде мүгедек адамдар, көпбалалы отбасылар үшін, бала тууы және асыраушысынан айырылуы бойынша төлемдер 2022-2023 жылдары медианалық жалақы мөлшеріне дейін кезең-кезеңімен арттыра отырып, 100%-ға ұлғайту;
Шәкіртақыны кезең-кезеңмен 100%-ға ұлғайту.