Эльбрус тауынан түсе алмай қалған қазақстандық құтқарылды
Қазақстандық гид-альпинист пен ресейлік турист Эльбруста 5 мың метр биіктіктен құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Олар сенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 22.20-да (Астана уақытымен сағат 01.20-да) Эльбрус тауында 5 мың метр биіктікте қалып қойған туристерден көмек сұраған хабарлама келіп түскен.
Топ құрамында ресейлік альпинист және оған жол көрсеткен Қазақстаннан келген гид бар, олардың аяқ-қолдары үсіп қалған", - делінген хабарламада.
Ресей ТЖМ Эльбрус таулы іздеу-құтқару жасағының тоғыз құтқарушысы 2 сағаттан соң альпинистерді тапқан.
Құтқарушылар оларға 3850 метр биіктіктегі "Гара-Баши" станциясына түсуге көмектескен. Альпинистер одан кейінгі көмектен бас тартқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тағы да коронавирус: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай қандай?
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы