Елбасының жүріп-тұруына бюджеттен қаражат бөліне ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүріп-тұруына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?
Мәжілістің кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа журналистердің қойған сұрағына жауап берді.
Елбасының жүріп-тұруына, жалпы жұмысына, жұмысын дұрыс қамтамасыз етуге бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Бірақ оның қазір дәл сомасын айта алмаймын. Мүмкіндік болса, арнайы сұратқан журналист болса, кейінірек ақпарат берейін, - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы