Елбасының жақын досы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей астанасы Мәскеу қаласының экс-мэрі Юрий Лужков бүгін 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы РЕН ТВ хабарлады. 

Телеарнаның мәліметі бойынша, Мәскеудің экс-мэрі Германияның Мюнхен қаласындағы емханалардың бірінде ем алып жатқан жерінде дүниеден өткен. Жақында Лужковтың жүрегіне ота жасалған.

Айта кетейік, Юрий Лужков 1992-2010 жылдар аралығында Мәскеу қаласын басқарды.

2016 жылдың қыркүйек айында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің жарлығымен "Отанға сіңірген еңбегі үшін" IV дәрежелі орденмен марапатталды. 

Юрий Лужков 1936 жылы 21 қыркүйекте Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Мәскеудегі оқу орнын бітірген. Алғаш рет 1992 жылы 6 қазанда Мәскеу қаласының мэрі болып тағайындалды. Одан кейін 1996, 1999, 2003 жылдары қайта сайланды. 1996-2001 жылдар аралығында Мәскеу үкіметінің төрағасы қызметін қоса атқарды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Юрий Лужков өте жақын дос болды. 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудің экс-мэрін қабылдап, 80 жылдығымен арнайы құттықтаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы