Елбасының көшбасшылығына арналған ашық сабақ өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының білім беру ұйымдарында "Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары" жалпы республикалық ашық сабағы өтті, деп хабарлады облыстық білім беру басқармасы.

1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні аталып өтеді. 2001 жылы Қазақстан Парламенті мемлекеттік мерекені - Тұңғыш президент күнін бекітетін Заңды қабылдады.

Дәл осы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қазақстандық мемлекеттілікті құрудың бастауында тұрған аса көрнекті тұлға. 20 жыл бойы Тұңғыш президент Н. Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Бірыңғай ашық сабағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнін мерекелеуге арналған және білім беру ұйымдары оқушыларының ұлт көшбасшысының жасаған еңбектеріне назарын аударуға, жастарда патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ өзін-өзі танытуға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған, - делінген хабарламада.
Бірыңғай сабаққа 498 мектептің 100 мыңнан астам оқушысы қатысты.

Лектор ретінде "Nur Otan" партиясының мүшелері, журналистер, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері және өңірдің құрметті тұрғындары қатысты. Бірыңғай ашық сабақ білім беру процесінің барлық қатысушысының еркін қарым-қатынас жағдайын жасауға көмектесетін, оқушылар мен педагогтардың өзара түсіністігіне, азаматтылық пен қазақстандық патриотизмді, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ететін әртүрлі жұмыс түрлерін қамтыды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы