Елбасының елге деген шапағаты тоқтамайды

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Күтпеген хабарды көңілдегі өкініш, қимастық, мақтаныш, құрмет пен ізет сезімдерімен аралас күйде тыңдадым. Миллиондаған қазақстандық дәл осындай күйде екеніне сенімдімін! "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеше кешкісін отандық телеарнадан тікелей эфирде жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"Мемлекеттілігімізді қалыптастырып, тәуелсіздігімізді баянды еткен, сөзсіз Ұлы тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы маңызды мәлімдеме жасады. Қазақстандықтар үшін Қазақстан мен Назарбаев санамызға егіз ұғымдай қалыптасып, бірлік пен тыныштықтың, береке мен дамудың символына айналған. Елбасының Қазақ еліне сіңірген еңбегі орасан зор, Кеңес империясы қираған сәтте Ел тізгінін қолға алып, сындарлы кезеңдерде өте күрделі реформаларға бет бұрып, қиын болса да дұрыс шешімдерді қабылдап, жас мемлекетіміздің қалыптасу барысында талай тығырықтардан шығара білген даналығы мен батылдығы арқасында халықтың сенімі мен құрметіне бөленді. Елбасы кетпеді, Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандықтармен бірге Еліміздің дамып, өркендеуіне әлде де маңызды үлес қосатынына кәміл сенемін! Елбасының өмірлік тәжірибесі, халықаралық абыройы мен шынайы патриоттық ұстанымы Қазақстанға, бүкіл қазақстандықтарға ауадай қажет!

Құрметті отандастар! Ендігі, жаңа кезеңде Әлемге үлгі болып үлгерген бірлік пен ынтымағымызды нығайта отырып, Елбасы бастаған даму мен өркендеу жолынан таймай алға жылжу Елін сүйген, Ел тағдырына алаңдаған барша азаматтың парызы деп білемін!", - дейді Б. Нарымбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы