Елбасының қатысуымен "Астана клубының" отырысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада ҚР тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Астана клубының" бесінші отырысы басталды.
11-12 қараша күндері "Назарбаев Орталығында" әлемнің жетекші дипломаттары мен саясаткерлерінің және сарапшыларының басын біріктірген саяси форум түріндегі халықаралық беделді пікірталас алаңы – "Астана Клубының" бесінші отырысы өтіп жатыр.Клубты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасының Қоры және Әлемдік экономика және саясат институты. Клубтың мерейтойлық отырысының тақырыбы: "Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында".
Шараның ең басты оқиғасы Қазақстанның Тұңғыш президентінің төрағалығымен өтетін Клубтың пленарлық отырысында "Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі" тақырыбы талқыға түседі. Спикерлер қатарында 9 бұрынғы мемлекет және үкімет басшысы, 9 министр мен 1 Нобель сыйлығының лауреаты бар.
2015 жылы құрылған "Астана Клубы" қазақстандық пікіріталас алаңы қысқа мерзімде Еуразияның барлық маңызды ойыншыларын біріктірген нағыз жаһандық алаңға айналып, халықаралық қызығушылыққа ие болды. Клуб тараптарды бір үстелдің басына жинау арқылы түрлі геосаяси аймақтарда қақтығыс құрсауына ілінген мәселелер бойынша ортақ шешім шығаруға мүмкіндік береді.
Клуб ұйымдастырған жыл сайынғы жиналыстарға әлемнің 40 елінен 200 астам спикер қатысты. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Ресей, Иран, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франия, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің меймандары бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк ескі банкноттарды қабылдауды аяқтайды
Өзгелердің жаңалығы