Елбасы және Тәуелсіздік деген сөздер қатар айтылып, бір ұғымға айналды – Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Өрлеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты.

Конференция ұйымдастырушылары: Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Тұңғыш Президент – Елбасы Кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры. Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.

Танымал шетелдік және отандық мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлері, беделді ғалымдар мен сарапшылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық қорытындыларын, болашақ дамуының әлеуеті мен болашағын талқылайды.

Конференцияның ашылуында сөз алған Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин отандастарымызды қасиетті мерекемен құттықтады.

Баршаңызды Қазақстанның даму жолындағы тарихи кезең – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықаймын. Әрбір ұлт үшін, ел үшін, мемлекет үшін ең басты байлық, ең үлкен бақыт – ол Тәуелсіздік. Тәуелсіздік адам баласының бойына жүрегінен жігер, жүрегіне қайрат, жанына рух беретін құдыретті күш, – деп бастады өз сөзін Нығматулин.

Ол атап өткендей, Тәуелсіздік көп ел үшін асқақ арман. Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған осы асқақ арманының орындалғанына биыл 30 жыл толып отыр.

Отыз жылдың әрбір белесі біз үшін қайталанбас тарих. Ал тарихты әрқашанда ұлы тұлғалар жасайды. Тек ұлы тұлғалар ғана жаңа мемлекетті құрып, қалыптастырып, оның өркениетін қамтамасыз ететән үлкен қадамдар жасайды. Ондай тұлғалар уақыт өткен сайын биіктеп, тек бір ұлттың ғана емес, бүкіл әлемнің, дана, көреген саясаткеріне айналады. Дәл осындай ұлы тұлға – ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, – деді Парламент Мәжілісі төрағасы.

Оның сөзінше, бүгінде қазақстандықтар егенменді елімуздің кең байтақ даласы ғана емес, сонымен бірге Нұрсұлтан Әбішұлындай теңдессіз данасы бар екенін мақтанышпен айтады.

Қазір де Елбасы және Тәуелсіздік деген сөздер қатар айтылып, бір ұғымға айналды, – деп айтты Нұрлан Нығматулин халықаралық конференцияда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы