Елбасы Владимир Шепельдің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің жақындары мен туыстарына көңіл айту хатын жолдады.
Бұл туралы elbasy.kz сайтында хабарланды.Тұңғыш Президент - Елбасы Владимир Николаевич Шепельдің қаза болуына байланысты көңіл айтты. Елбасы Шепель өмірінің басым бөлігін мемлекеттік қызметке арнағанын атап өтті. Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқанын айтты.
Ол әрдайым жоғары біліктілігімен, өмірлік ұстанымдарының беріктігімен, жақсы адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Владимир Николаевич Шепель туралы жақсы естеліктер оны жақын таныған адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады, - делінген телеграммада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сағынтаев Алматының індетке қарсы күрестегі әлеуеті туралы айтты
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы