Елбасы Үкібаевқа қосымша міндет жүктеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы өз кеңсесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен.

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан  Жамбылханұлы Қаймолдаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;

Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы