Елбасы тапсырмасы: Үкімет басшысы министрлерге жаңа міндеттерді жүктеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында министрлерле жаңа міндеттерді жүктеді.
2019 жылдың 30-қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдына бірқатар нақты міндеттер қойған.
Осы орайда Үкімет басшысы министрлерге тапсырма берді.
«Елбасының тапсырмасына байланысты негізгі бағыттар бойынша министрліктердің алға қойған жоспары талқыланды. Қосымша бірқатар тапсырма бар. Бірінші, Ұлттық экономика министрлігіне және әкімдерге қаржы, білім миннистрліктерімен бірге мектеп салу мен жөндеу функцияларын оларды қаржыландыру функцияларымен бірге өңірлерге беру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл бюджет процестерін оңтайлатып, мектеп салуды немесе жөндеуді жылдамдатуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Осы орайда Бақытжан Сағынтаев дәрігерлердің біліктілігін көтеру де өзекті екенін жеткізді.
«Екінші, медицина жұмыскерлерінің практикалық даярлығын күшейту үшін Денсаулық сақтау министрлігі практикалық даярлыққа назар аудара отырып, халықаралық стандартттар бойынша оқытудың қазіргі заманғы бағдарламаларына көшу жөнінде ұсыныстар енгізіп, әкімдіктермен бірге биыл мемлекеттік ауруханаларды меншікті клиникалық базалар ретінде жоғары оқу орындарына беру мәселесін пысықтасын», - деді Үкімет басшысы.
Осы орайда Сағынтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ұлттық экономика, қаржы, білім және ғылым министрліктеріне үздіксіз оқыту кешені жүйесін іске қосуды қамтамасыз етуге тапсырма берді.
«Олар жұмыс берушілермен ынтымақтаса отырып, салықтық шегерімдерді кәсіпорындардың персоналдарды оқыту шығындарына қолдану мүмкіндігін зерделесін. Қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату курстарына ақы төлеудің воучерлік негіздерін қарастырсын. электронды еңбек биржасының негізінде кәсіптік дағдыға оқытатын, сондай-ақ қажетті дағдыларды үйрететін және алған дағдыларды жұмыс берушілер мойындайтындай сертификат беретін оқу курстарының ауқымды тізбесі бар ұлттық оқытудың онлайн порталын әске қосуды қамтамасыз етсін», - деді ол.
Сонымен қатар Үкімет басшысы жеке бизнестің үлесін арттыруға, толықтай электронды құжат айналымына көшуге тапсырма берді.
Төртінші, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік органдарда қазіргі бизнес процестерді түбегейлі қайта қарау жөніндегі шараларды әзірлесін. Ең алдымен қағаздан бас тартып, 2020 жылдан бастап толықтай электронды құжат айналымына көшу қажет. Халыққа жүргізіліп жатқан реформалар туралы үнем ақпарат беріп, кері байланысты қамтамасыз етсін», - деді Сағынтаев.
Сөз соңында премьер-министр салық төлемдерін оңтайландыруға тапсырма берді.
«Бесінші, Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірге әлеуметтік төлемдерді есептеу және еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем түрінде оңайлату, жеке тұлғалар үшін жер салығы мен ондағы құрылысқа салынатын салықты жылжымайтын мүлікке салынатын бір салыққа қосу мәселелерін пысықтасын. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде жер салығын алып тастау мәселесін қарасын», - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.
Дәурен ЕРБОЛАТҰЛЫ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бес баланың өлімі. Енді мұндай қасіреттің қайталанбауы үшін әрекет етуіміз керек - Әшімбаев
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы