Елбасы Швейцария президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Швейцария президенті Ули Маурермен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми парақшасында хабарланды.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Швейцария арасында экономиканың түрлі салаларында жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.
Қазақстанға қош келдіңіз. Сіздердің елдеріңізге бірнеше рет бардым. Швейцария – Қазақстанның ірі және маңызды сауда серіктестерінің бірі. Біздің елімізді әрқашан қолдап келесіздер. Осы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырған жөн. Бізде швейцариялық бизнесті қызықтыратын жобалар көп, - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.
Өз кезегінде Ули Маурер Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанға жасап жатқан ресми сапарынан алған әсерімен бөлісті.
Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы өте жақсы. Бүгін таңертең мазмұнды әрі жемісті кездесулер өткіздім. Қазақстанмен бірлесе отырып дамытатын көптеген жобаларды талқыладық, - деді Швейцария президенті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы