Елбасы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараптар бір-бірін екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейде коронавирус эпидемиясына қарсы күресте қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ індеттің мемлекеттердің экономикалық дамуына әсерін талқылады.
Осы ретте тараптар тезірек жаһандық коронавирус пандемиясын еңсеруге және экономикалық дағдарыстан шығуға бағытталған үйлестірілген халықаралық шаралар әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.
Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да вирус жұқтырған 5 адам тіркелді
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы