Елбасы «Праймериз» ақпарат жүйесінде тіркеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпарат жүйесінде тіркеуден өтті. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді, - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетсек, Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың партиялық тізіміне ену үшін праймеризден шамамен 5 500 адам іріктелмек. Бұл ретте іріктеуден өтіп, алайда, тиісті қолдау көрсеткішін жинай алмағандар партияның жаңа кадрлық резервіне енгізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы