Елбасы Православ христиандарын құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады elbasy.kz.

Православ христиандарын және барлық қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрам ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр.Қазақстанда атап өтілетін Рождество және басқа да діни мерекелер біздің өмірімізге оптимизм, рухани байлық, толеранттылық әкеледі. Осы күндері адамның жүрегі ең ізгі сезімдерге толып, мұқтаждарға көмектесуге, жақын жандарға қуаныш сыйлап, қамқорлық жасауға деген ықылас оянады, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан назарбаев мәңгілік рухани құндылықтар біздің еліміздегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отырғанын айты. 

Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде. Осы жарқын мерекеде баршаға баянды бақыт, игілік пен мықты денсаулық тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы