Елбасы отандық заң ғылымына ерекше қызығушылық танытты - Рогов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов Елбасы отандық заң ғылымына ерекше қызығушылық танытқанын "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысындағы рөлі: Елбасы тәжірибесі" кітабының онлайн тұсаукесерінде айтты.  

Менің ойымша, аталған кітапты шығару дұрыс әрі уақытты шешім болды. Еліміздің тарихы біздің көз алдымызда өтті. Бұл үрдіске қатысқан адамдардың пікірінің болуы өте маңызды, - деді ол. 
Игорь Рогов өзінің  де пікірі де кітапқа енгенін айтты.
Ресейлік көптеген заңгер Қазақстанды құқықтық құрылыс бойынша көшбасшы деп есептейді. Себебі, біздің тұңғыш президент отандық заң ғылымына ерекше қызығушылық танытты. Ол заң саласындағы ғалымдарының кеңесін тыңдайтын. Осылайша, біздің елде ҚР Президенті жанынан құқықтық саясат бойынша кеңес құрылды, - деді ол. 

Рогов айтқандай, кеңес заңнамалық және құқықтық тәжірибені дамыту бойынша әлі де жұмыс істеп келеді. 

Бұл - стратегиялық құжаттарды біріктіреді. Біздің дамуды сипаттайтын басты басымдықтар – шығармашылық байланыс, шетелдік тәжірибе және алдыңғы қатарлы технологиялар. Елбасы барлық халықаралық стандарттарға сай болатын құқықтық жүйені құрды. Құқықтық  және Конституциялық жүйенің құрылуы Елбасының атымен байланысты. Сондықтан да кітаптың тұсаукесері құтты болсын.  Кітаптың оқырманы көп болсын, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы