Елбасы Оман Сұлтанының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті Оман Сұлтандығының билеушісі Сұлтан Қабус бен Саид Әл Саидтың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады ҚР Тұңғыш президенті - Елбасының ресми сайты.
Ол Қазақстан мен Оман арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және елдер арасында сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың дамуына тікелей септігін тигізді. Сұлтан Қабус халқын, жерін, елін сүйген адал және парасатты билеуші ретінде есте сақталады деп сенемін. Осынау азалы сәтте Оман халқының және марқұмның отбасы мен жақындарының ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын, - делінген жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аудан әкімдері қала тұрғындарымен кездеседі
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы