Елбасы Нығматулинді Мәжілістегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының парламенттік фракциясының отырысына қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.
Фракция отырысы барысында Nur Otan партиясының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша Мәжілістің жаңа депутаттарын тіркеген болатын.
Оның ішінде: Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша - 76 депутат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 12 депутат, Қазақстанның Халық партиясы - 10 депутат, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған - 9 депутат бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы