Елбасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады.

«Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың экономикалық дамуының қазіргі көрсеткіштері туралы мәлімделді. Сонымен қатар, Қазақстанның тұңғыш президентіне халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды», - деп хабарлады elbasy.kz.

Елбасы астананың экономикасына инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы