Елбасы жаңадан тағайындалған мүфтиді қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында дін саласының қазіргі ахуалы талқыланып, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайлануымен құттықтады.

Жаңа қызметіңізбен құттықтаймын. Тиісті біліміңіз бен тәжірибеңіз бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін, - деді Елбасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы