12 Тамыз 2019 2019, 20:44
Елбасы мен Түркия президенті бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның стратегиялық ықпалдастығы бірте-бірте нығайып келе жатқанын атап өтті", - делінген хабарламада.Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.