Елбасы мəдениет, спорт жəне туризм салаларына көп көңіл бөлді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елордалықтарды қала күнімен құттықтады. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Баршаңызды Елордамыз - Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сондай-ақ осыдан 22 жыл бұрын арқа төсінен бой көтерген бас қаламыздың негізгі сәулетшісі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың мерейлі 80 жасқа толған мерейтойы құтты болсын! Нұрсұлтан Әбішұлы Тəуелсіздіктің сындарлы кезеңдерінен бері руханият, мəдениет, спорт жəне туризм салаларына ерекше көңіл бөліп, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Əр жолдау, үндеуінде мəдениет, өнер қайраткерлері, спорт саңлақтары, туризм саласы қызметкерлерінің айбарын асырып, жемісті жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасап келе жатқанына бәріміз куәміз. Ал "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында: "Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек", - деп біздің салаға ерекше екпін түсіріп, нық тапсырма бергені ел есінде. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілікпен қоса зор сенім деп білемін, – деді министр.
Ол Елбасының әр үндеу, жолдауында дəйекті тапсырмалармен қатар кесек-кесек тіркестер мен орамды да орынды ойлар өте көп екендігін айтты.
Ұлт көшбасшысының "Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс", - деген сөзі ғасырдан-ғасырға мирас болып жеткен бабалар мұрасына деген зор құрмет. Бұл мақсатта "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы мен өзге де бағдарламалар осы аманатқа берік болу жолындағы ауқымды жұмыс дер едім. Мəдениет жəне спорт министрлігі, барлық мəдениет және өнер қайраткерлері, спорт саңлақтары, туризм саласының қызметкерлері атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы ризашылығымызды білдіріп, мерейлі 80 жасымен және Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз! "Елі сүйген, елін сүйген" Елбасына ізгі лебізімді білдіре отыра, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, амандық тілейміз! – деп жазды министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы