Елбасы «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады. 

Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады. 

Кездесуде мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспары талқыланды.

«Лукойл» компаниясы Қазақстанда бұрыннан келе жатқан ірі инвесторлардың бірі. Сіздер «Теңіз», «Қарашығанақ» сияқты кен орындарында жұмыс істейсіздер, «Каспий құбыр консорциумының» инфрақұрылымдық жобасына қатысып жатырсыздар, – деді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы.

В.Алекперов Елбасыға бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орнын игеру арқылы Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемін арттыру жоспары туралы айтып берді.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы