Елбасы Ермекбаев және Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою және өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді, - делінген хабарламада.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті осы оқиға салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Елбасы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен де телефон арқылы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаевқа облыс әкімі Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жұмыс туралы ақпарат берді.

Елбасы барлық зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру және ТЖ салдарын жою жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы