Елбасы егемен еліміздің жылнамасын жасаған адам - Тоқаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Елбасының ел мүддесі үшін атқарған табанды қызметі ширек ғасырдан асты. Бұл жай ғана мерейтойлық дата емес, Қазақстанның даму жолын анықтаған ел тарихындағы аса маңызды кезең болды. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты конференция барсында айтты.
Халықаралық конференцияны ҚР президенті өзінің құттықтау сөзімен ашып, ел тәуелсіздігін алған жылдардағы Елбасының еңбегін атап өтті."Елбастаған нағыз ерлер тарих сахнасына сын сағаттарда шығып, халқының тағдыры үшін мемлекет тізгінін қолына алады. Бұлар тарих перзенттері әрі сол тарихты жазатын ұлы тұлғалар. Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл осылай егемен еліміздің жылнамасын жасаған адам. Бұл ақиқатты әлем мойындады. Биыл Ельбасының ел мүддесі үшін атқарған табанды қызметі ширек ғасырдан асты. Бұл жай ғана мерейтойлық дата емес, Қазақстанның даму жолын анықтаған ел тарихындағы аса маңызды кезең болды", - деді ол.
Сонымен қатар, ол қазіргі заманның қарқыны мүлдем өзгеше, бәсекеге толы заманда өмір сүріп жатқанымызды айтып өтті.
"Дәл осы тарихи межеде Елбасымыз айқындап берген бағдарға адал болып, Қазақстанның өркендеуі үшін еңбек ету, басты мақсат етіп түсіну қажет. Бүгін осы маңызды жиында Елбасымен жылдар бойы қызметтес болған үзеңгілестері, әріптестері жиналып отыр. Дүниежүзі қауымдастығы Кеңес одағының күйреген қалдықтарынан жаңа мемлекеттің қалыптасу жолына куә болды. Сол кезде алып державалардың арасындағы Қазақстанның жарқын келешегіне күмәнмен қарағандар көп болды. Дегенмен, Елбасының теңдесіз еңбегінің арқасында мұндай теріс болжамдар орындалған жоқ. Қазақстан ТМД еледрінің ішінде ең жоғарғы әлеуметтік көрсеткіштермен алға шықты", - деді президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Он жасар дизайнер ұлттық нақышта киімдер тігеді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы