Елбасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президентіне Nur Otan партиясы қалалық филиалының партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы бойынша жоспарлары баяндалды, деп мәлімдеді Елбасының ресми сайты.
Сағынтаев Елбасыға партияның қалалық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысының нәтижелері жөнінде мәлімет берді.
"Nur Otan Төрағасы президент пен партияның сайлауалды тұғырнамасының, сондай-ақ съездерде қабылданған шешімдердің сапалы орындалуын қадағалауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш президенті партия алаңында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдай жасаудың маңыздылығына ерекше назар аударды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кездесу барысында Nur Otan фракциясының қалалық мәслихаттағы рөлін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту және Jas Otan жастар қанатының белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.
"Кездесу барысында Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш президенті ұсынған ел экономикасының одан әрі өсуін ынталандыру шаралары талқыланды", - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа инфляцияның қазіргі жағдайы мен елімізде несиелік-қаржылық саясатты жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.