Елбасы Астанада жаңа мешіттің қазығын қақты

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңамешітінің құрылыс орнында іргетасын қалау рәсіміне қатысты. ЭКСПО аумағында орналастын жаңа мешіт салуға жеке демеушілер мен бизнес қауымдастықтар ат салысатын болады.

Елбасы бұл жобаны өзі басынан соңына дейін жеке қадағалайтынын, Наурыз мерекесі алдында ырымдап қолға алып жатқанын жеткізді.

"Біз бұрыңғы және қазір салынған барлық қолданыстағы мешіттерді зерттеп, қарап шығып, ең үздік жобаларды таңдадық. Бұл жобаны өзім қарап шықтым. Құрылысты басынан аяғына дейін қадағалаймын", - деп атап өтті Мемлекет Басшысы.

Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болады деп күтіліп отырған ғибадатхана 9,4 гектар жерге салынады және 57 мың шаршы метр аумақты алмақ.

"Сонымен қатар, бұл жай ғана діни нысан емес, ол Астананың туристік нысандарының бірі болады. Мен БАӘ-гі шейх Заидтің алтын мешітін көрдім. Ол осыдан 3-4 жыл бұрын ашылғанына қарамастан, жыл сайын оған алты миллион турист келеді екен", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мұнаралары 130 метр биіктікке шаншылса, бас күмбезінің биіктігі 88,2 метрді құрайтын болады.

 Ер адамдардың намаз аумағы 15 000 адамды қамтыса, әйел адамдардың бөлмесі 3000 орынға шақталған. 

"Астана 2020" қорының атқарушы директоры НұржанМыңжасаровтың айтуынша, жаңа мешіт Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болады.

"Бұл мешіт өз өлшемдерімен бірегей. Орталық Азиямен ТМД елдерінің ірі мешіті болады. Сондай-ақ әлемнің алғашқы ондығына кіреді. Жалпы ауданы 57 мың шаршы метр, негізгі залы - 15 мың шаршы метр. Жалпы сыйымдылығы 30 мың адам болады. 3000 шаршы метр әйелдер намаз залы. Мұнараның биіктігі 130 метр, орталық күмбездің биіктігі 88 метр» – дейді ол. 

Мыңжасаров жаңа мешіттің құрылысын 24 айда аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.

Ал құлшылық орнынан басқа бөлмелелері 12 000 адамды сиғызатын болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы