Елбасы Бағдат Әміреевті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Бұл туралы Елбасының жеке сайты хабарлады. 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің 7-ші Саммитіне дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

"Мен Президент Ильхам Әлиевпен кездестім. Ол Сізге ізгі тілектерін жеткізуді өтінді. Сонымен қатар, мен Түркі әлемінің басқа да көшбасшыларымен кездестім. Олар да Сізге зор ризашылығын білдіріп, жылы лебіздерін жолдап жатыр", - деді Б.Әміреев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы