5 Сәуір 2019, 17:26
Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық Түркі академиясының қазіргі қызметі және алдағы жұмыс жоспары туралы мәлімделді.
Әңгімелесу барысында Д.Қыдырәлі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
Халықаралық Түркі академиясының президенті, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалардың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар, Д.Қыдырәлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің тарихына және тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған бірнеше кітап пен туындыны таныстырды.
- АҚШ-тың 13 штаты мен Вашингтонда энергетикалық төтенше жағдай жарияланды 08:49
- Әлемде мұнай бағасы қайта өсті 08:35
- Ұлттық қор – балаларға: 2026 жылы әр балаға 130,71 доллардан берілді 08:30
- Алматыда көлік тұрағына таласқан ер адам көршісін пышақтап өлтірді 08:19
- Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 08:10
- Ресейдің Urals мұнайын Үндістанға тасымалдау құны тарихи рекордқа жетті 07:47
- Қазақстан мен «Доңға» операторы дауды реттеді: Ел экономикасына қандай пайда түседі? 07:30